Қырық жылдық тарихы бар «Беу, жігіттер» ансамблінің мүшелері де бұл маңызды науқаннан тыс қалмай, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Сахнада ән мен күй арқылы жұрттың жігерін жанып жүрген өнерпаздар ел ертеңіне бейжай қарамайтынын танытып, азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.
Бүгін сайлау орындарында халықтың қарасы қалың, белсенділік жоғары. Ата салтын ардақтаған аға буын мен жарқын болашаққа бет алған жастар ортақ іске жұмыла қатысуда. Өнер мен өнеге өрістеп, еліміздің көгеруі – әрқайсымыздың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауымызға тікелей байланысты.
