Pavlodar, KZ
16°
Fair

Еліміздің түкпір-түкпірінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында «Мектеп әлеміндегі ұлттық құндылық» атты республикалық семинары өтіліп жатқаны белгілі.
Жақында Астана қаласында аталмыш шараның «Бір әкенің тәрбиесін…» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы мәресіне жетті.

Ертіс-Баян өңірінің намысын айтыс ақындары мен термешілері одағы облыстық филиалының төрағасы, ақын Асығат Тұрғанбековтің қос жүйрігі қорғады.
Шәкірттердің сөз сайысында Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының оқушысы Бейбарыс Рафаилов жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Осы білім ордасының тағы бір оқушысы Қадырхан Иманғазы арнайы жүлдені иемденді.
«Aiqara.kz» ақпараттық агенттігі ұжымы шашасына шаң жұқтырмаған жас ақындарға шығармашылық шабыт тілейді.

Пікір үстеу