
Құрметті өнерсүйер қауым!
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры өзінің 36-шы театр маусымын қорытындылайды.
Маусымның жабылуына орай көрермен назарына әсерлі де тағылымды қойылымдардың бірі – «Балам, қашан келесің?» драмасы ұсынылады.
Қойылымда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сағыныш пен жауапкершілік, адамдық құндылықтар мен өмірлік таңдаулар тақырыбы тереңінен қозғалады. Көрерменді толғанысқа жетелейтін туынды әрбір жанның жүрегіне жол табары сөзсіз.
📅 Күні: 26 маусым 2026 жыл, жұма
🕡 Уақыты: 18:30
📍 Өтетін орны: Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры
36-шы театр маусымы жаңа премьералармен, жарқын шығармашылық ізденістермен және көрерменмен өткен мазмұнды кездесулермен есте қалды. Маусымның қорытынды кешінде сүйікті театр ұжымымен қауышып, жүрекке ой салатын қойылымды тамашалауға шақырамыз.
Театрмен бірге болған барша көрерменге алғыс білдіреміз!
Өнер ордасында жүздескенше!
