
Еліміз маңызды саяси кезең қарсаңында тұр. 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – қоғам мүддесін білдіретін өкілдерді таңдап, ел өміріндегі елеулі шешімдердің қабылдануына үлес қосуға мүмкіндік алатын маңызды күн.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір кәмелетке толған азаматтың сайлау құқығына кепілдік береді. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне қатысты азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды мүмкіндік әрі тарихи күн.
Сайлау – азаматтардың өз еркін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси дамуына қатысуының заңмен бекітілген мүмкіндігі. Дауыс беру арқылы тұрғындар қоғам мүддесін қорғайтын өкілдерді таңдауға атсалысады. Сондықтан сайлауға белсенді қатысу – азаматтық жауапкершілік, ертеңіміз үшін батыл әрі ерікті таңдау жасау мүмкіндігі.
