Қазақстандағы ең қарт тұрғын Құрылтай сайлауында дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026Қазақстандағы ең қарт тұрғын Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Ұлытау облысының әкімдігі.

“Жүз жылдан астам өмір сүрген Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрады және Қазақстандағы ең қарт азамат саналады. 1910 жылы дүниеге келген Түймегүл апа биыл 116 жасқа толды”, – деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы ең қарт тұрғын Құрылтай сайлауында дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Ұзақ жасаудың сыры туралы сұрағанда, Түймегүл апа оның мәні адал еңбекте, ізгі ниетте және жақындарға деген сүйіспеншілікте екенін айтады. Бұған дейінгі сұхбаттарында Түймегүл апа әлі күнге дейін үй шаруасына араласатынын, құрт жасайтынын және қолынан келгенше шаруашылық жұмыстарын атқаратынын айтқан.
Дауыс беру кезінде ұзақ жасаған ана елге ізгі тілегін білдіріп, ұрпақтарына денсаулық пен амандық, елге тыныштық, ал Қазақстанға жарқын болашақ тіледі.

Добавить комментарий