Ертіс ауданынан дауыс берген шығармашылық жас, ақын, қазақ поэзиясы мен көркем сөз өнерін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген Нұрсұлу Дәрігерхан №253 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ұлттық мәдениет пен әдеби мұраны дәріптеп жүрген өнерлі жанның бұл қадамы – ел болашағына деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
«Елім барда — еміренем, елжіреп,
Ел қорғаған бабаларым ер жүрек.
Қазақстан, мәңгі болсын азаттық,
Аспанда көк байрағың желбіреп.
Мен жырмен елдің жүрегін тербеген, сөзбен елдің рухын көтерген ақын ретінде елдің болашағы үшін азаматтық жауапкершілігімді сезіне отырып, Құрылтай сайлауына дауысымды бердім» – деді ол.
