1 маусым – Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай Павлодар облысында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды. Мерекеге орай Орталық жағалаудың «Ertis Promenade» сахнасында «Бақытты бала үшін» атты республикалық акциясы аясында «Алтын балалық шақ» фестивалі өтті. Сондай-ақ, зияткерлік, танымдық ойындар, викториналар, логикалық ойындар, қазақи ұлттық бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сағаттар және Павлодар қалалық мектеп оқушыларының қолөнер көрмесі, спорттық және мәдени шаралармен қатар ауқымды концерт ұйымдастырылды.

Бүгін облысымызда көптеген қызықты шаралар өтуде. Атаулы күннің осы жылдағы өту форматы дәстүрлі ойын-сауық шараларден бөлек, балалардың қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударуға бағытталды.

Балалар мерекесінде Павлодар қалалық Орталық жағалауының алаңдарында «Қызыл жарты ай» қоғамы облыстық филиалы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша балаларға шеберлік сағатын өткізді.


Өрт сөндіру әдістерін көрсету және балалардан қауіпсіздік ережелерін білу мақсатында сауалнамалар алып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал полиция департаменті жол ережелерін сақтауға бағытталған шаралар өткізілді.

Балаларға шаш және бет әрлеу, балшықпен мүсіндеу, түрлі техникалық құралдармен жұмыс жасау тегін түрде ұсынылды.

Әйгерім СОЛТАН

Добавить комментарий