Ольга ГРИГОРЬЕВА – Павлодарда, Астанада, Алматыда, Омбыда және Мәскеуде жарық көрген жиырма екі жыр жинағының, балаларға арналған он екі кітаптың, алты очерктер жинағының авторы. О. Григорьеваның өлеңдері, очерктері мен мақалалары көптеген әдеби журналдарда, антологияларда және әдебиеттану жинақтарында жарияланған. Қазақстан Жазушылар одағының, Ресей Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Марина Цветаева атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың, Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты, сондай-ақ көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы.

 

Сүйікті жандарды шығарма есіңнен…

***

Өлеңдеріңді жасырғын,

Сәттілік жайлы ойға алма.

Тым құрыса сәл басқаша өмір сүрші, асылым.

Өмір саған азу тісін ақситар,

Бірден түспес алшысынан асығың.

Түсінерсің сонда сен іздегенің ол емес,

Ал босаңсу, сірә, саған жол емес.

Сүйікті жандарды шығарма есіңнен,

Көз алдыңда тұрсын мәңгі ол елес.

Тым құрыса түсіне алмай мәніне,

Талықсып, қалғып кеткенше

Жақындай түс әлі де.

Өлеңіңді жасырғын,

Күлкісіне қалмау үшін тасырдың,

Сол шумақтар қуаныш сыйлар, ақылдым.

Басқаларға өлеңсымақ бәйіті тектес пақырдың,

Тәтті мұздан жасалған әтеш тектес сөгеді.

Ақындарды және паяцтарды*

Тек тағы да көрінбейтін саусақтар

Жан дүниеңнің нәзік қылын тербейді.

Бақытты шақты еске салар, аңсатар,

Мәңгілік жайлы сөз қозғап бір сәт тамсантар.

Сөз қозғайды келесі,

Осы бір «әлдене» біздерді демеумен келеді.

 

 Дауыс

(Ю.П.)

Әйнегіңнің сыртында қар ма, әлде жаңбыр ма?

Естисің бе сен мені бұл – менің дауысым.

Жүректі жарып ол шығады жаңғыра,

Мүмкін, мен болмаспын, бермек ол жаңғыра.

Сенімен сан қилы кештік біз өмірді,

Жанымызды сыздатқан көбіне көңілді.

Жалын су құбырды өткердік біз бастан,

Кеюмен, сүюмен тынбастан.

Қарашы, ұлдарға, тәңірім, сақтасын,

Шоқтардан біз басқан.

Жақын өскен ағаштардың тамырлары

Белгілі жайлар ғой тұтасқан.

Біздерді айыра алмайды ешкім де,

Шарасыз құмырсқа шайырға өрлейді.

Достарды сатпадың,

Ар -ұят, намысты әу бастан сақтадық.

Ойымыз, денеміз тоғысты бір арнаға,

Көңілсіз кездерде тыңда сен даусымды,

Ол сені бастары хақ жаңа бір арнаға.

Аударған – Сүлеймен Баязитов

Добавить комментарий