Нина КОВГАН – Алтай өңірінде дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан бастап өлең жазуға құмар болды. Институтта көрнекті педагог Владимир Васильевич Мухиннің жетекшілігімен жұмыс істеген әдеби үйірмеге қатысқан. Өз шығармашылығы арқылы адамдарды бейбітшілікке, достық пен келісімге үндейді.

 

 ***

Берілмей ешбір егес іс, араз ойларға,

Бөленгім келеді раушанға, шаттық жайларға:

Қазақпен қымыз, Пасхада күліш татысып,

Шашу да шашып, бастабақ тартып тойларда.

Бәріміз бірдей – кәдімгі адам – біліңдер!

Ынтымақтасып, достасып өмір сүріңдер!

Тұз сеппе дағы, жараның аузын тырнама,

Інжіл мен Құран жолынан таймай жүріңдер!

Жалғанға мынау қонақпыз аз күн, білгенге,

Сана бер, Құдай, саған да, маған – күллі елге.

Тату-тәтті бол, өзара ұғын, кеше біл,

Құшағыңды жай, қысқа өмір өтер бір демде.

 

Аударған – Айбек ОРАЛХАН.

Добавить комментарий