Pavlodar, KZ
Ясно

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының кезекті маусымының шымылдығы премьерамен жабылды.

Екі күн бойы Жангелді Садықовтың режиссерлығымен «Менің атым Қожа» драмасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Көп адамның балалық шағының қызығы болған Бердібек Соқпақпаевтың шығармасының желісімен қойылған спектакль театрға келген халықтың жүрегінен орын алды.

Бұған дейін кітаптағы шығарманы оқып, фильмін көргендер туындыны сахнадан тамашалаған өзгеше әсер беретінін атап өтті.

Биылғы маусымда театр премьералары көпшіліктің көңілінен шыға білді. 36-шы маусымды асыға күтеміз.

Добавить комментарий