Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы, мәдени-сауық орталығында ұлыс күні —Наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларының облыстық айтыс додасы өтуде.
«Шаңырақ» орталығы, соның ішінде «Желдірме» атты жас ақындар мектебі ұйымдастырған сөз сайысына Аққулы, Баянауыл, Ақтоғай аудандары мен Павлодар қаласынан келген 14 ақын қатысуда.
Айтыстың ашылуына қатысқан Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан бұл шараның дәстүрге айналғанын, сондай-ақ жыл сайын өнердің осынау асқақ түріне қатысушы шәкірттердің қатары артып келе жатқанын атап көрсетті.
Сонымен бірге додаға қосылған барлық жас ақынға сәттілік тілеп, оларды баптап жүрген ұстаздарға алғыс білдірді.
