Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында тоғызыншы сәби дүниеге келді. Сәбиге Атазаң есімі берілді. Жаңа туған нәресте – отбасындағы тоғызыншы бала. Ұл баланың салмағы 4 кг 130 грамм, бойы 57 сантиметр. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Сәбидің дәл осы күні дүниеге келуі отбасы үшін ерекше әрі символдық оқиға болды.

Ата-анасы осындай маңызды күнде ұлдарының өмірге келуі өздері үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.«Бүгінгі еліміз үшін маңызды тарихи күнмен сәйкес келгесін отбасымызбен ақылдасып, баламның атын Атазаң деп қойдық», – деді сәбидің анасы Айнұр Рахметова.

Перзентхана дәрігерлері ата-ананы отбасының толығуымен құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі.

Добавить комментарий