Журналист-публицист, жас журналистер клубының жетекшісі, «Ақпарат саласының үздігі» белгісінің иегері, «Aiqara.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбішев ел үшін, ұрпақ үшін тарихи маңызға ие Референдум күнінде Павлодар қаласындағы ✓64 дауыс беру учаскесіне отбасымен барып, өз таңдауын жасады.

Дауыс беруге арналған бюллетеньді салу мәртебесіне отбасының ең кішкентай мүшелері, Павлодар қаласындағы келешек мектеп жобасымен ашылған ✓47 мектептің оқушылары, егіздер — Әбікей мен Әлкей ие болды.
«Бүгін жаңаруға, дамуға, татымды тірлік пен бекем бірлікке, алаңсыз болашаққа таңдау жасадық!»,-дейді Асыл Әлімжанұлы және жұбайы, Павлодар қаласындағы ✓44 сәбилер бақшасының әдіскері Гүлзәм Қырықбаева.

