Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Әйткенов Жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында Тереңкөл ауданына барды.

Сапар барысында депутат Қызылтан ауылының тұрғындарымен, «Песчанский жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС ұжымымен, аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен, сондай-ақ ауданның кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Кездесу барысында аудан тұрғындарының жаңа Конституцияны қабылдау бастамасын белсенді қолдайтыны атап өтілді. Тұрғындар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге бағытталған ұсынылған өзгерістердің маңыздылығын түсінетіндерін жеткізді.

Осындай кездесулер қоғамның елдің дамуына бейжай қарамайтынын және әділетті, әрі прогрессивті Қазақстан құру бағытын қолдайтынын тағы бір мәрте көрсетті.

Добавить комментарий