Шабыт сыйлайтын, терең әрі қайталанбас! Павлодарлық суретші Қарасай Нұркеновтің (1950-2025) шығармашылығын осылай сипаттауға болады. Оның есімі қазақстандық өнер тарихында мәңгі сақталады.

Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі талантты шеберді еске алуға арналған көрмеге шақырады.

Суретшінің жұмыстары тек жоғары шеберлікті ғана емес, сонымен бірге адам жанының күшін де қамтиды. Оның шығармаларында туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғаттың сұлулығы, шексіз дала мен асқар таулардың кеңдігі, адамдар, олардың өмірі мен дәстүрлері бейнеленген.

Вернисаж 28 желтоқсан күні, сағат 15.00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтеді.

Добавить комментарий