Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде айтыскер ақын, жазушы, драматург Қабек Сағитовтың 95 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Айқас» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Бұл кітап Ертіс бойындағы елдің рухани-мәдени әлеуетін арттыру жолында жан аямай еңбектеніп, соңына елеулі мұра қалдырған жерлес қаламгер  Қабек Сағитовтың шығармашылығына арналған. Өлеңдері мен прозалық шығармалары, мақалалары, сатиралық әңгімелері тұңғыш рет кітап болып басылды.

Кітап 8 тараудан тұрады. Өлеңдері, айтыстары, поэма, фотосуреттері, әңгімелері, сықақ әңгімелері, пьесалары, мақалалары еніп отыр.

Шара барысында ақын жайлы естеліктер айтылып, әсем әндер шырқалады. Шараға ақынның жұбайы Жақсылық, балалары, туыстары және зиялы қауым өкілдері қатысады. Сондай-ақ келушілер назарына ақынның жеке заттары мен жәдігерлерінен көрме ұсынылады.

 

Өтетін күні, уақыты: 24 желтоқсан күні, сағат 11:00-де

Өтетін орны: Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

Добавить комментарий