И.Байзақов атындағы облыстық филармонияда Жаяу Мұсаның 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Майра Шамсутдинованың 135 жылдығы және Иса Байзақовтың 125 жылдығы аясындағы «Ән қанатында» атты дәстүрлі ән кеші өтеді.

Кеш қонақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – Гүлмира Сарина, Аллажар Кайбар және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Нұрболат Құсайнов, Дәуренбек Слямғали, сонымен бірге өңіріміздің дәстүрлі әншілері – Сұңғат Көпежанов, Сәуле Мусипова, Жанболат Байсолтан, Мағжан Ысқақ, Гүлназ Кыздарбекова, Жалын Құнанбай. Ән кешінде «Беу, жігіттер!» халықтық фольклорлық ансамблі, «Рух» этномикс ансамблі мен «Нұр» би ансамблі өнер көрсетеді.

Қазақтың халық әндері – бұл тек музыка емес, ол біздің тарихи тағдырымыз, өмір сүру философиямыз. Қазақ әндерінің кең де асқақ әуезінде біз халықтың өткенінен бүгінгі күніне дейінгі терең рухани күшін сеземіз.

Өтетін күні, уақыты: 10 желтоқсан, сағат 19:00-де;

Өтетін орыны: И.Байзақов атындағы филармонияның концерттік залы.

Добавить комментарий