
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып «Бас киімде сақталған дәстүр ізі» атты тағылымды кеш өткізеді.
Қазақ халқы үшін киім – тек сән үшін киілетін бұйым емес, ол – ұлттың мәдениеті мен дүниетанымын танытатын құндылық. Әр киімнің, әр әшекейдің, әр оюдың өз мәні мен сыры бар. Бас киім – ерекше қадірленген. Ол – ұлттың ар-намысы, ұлылық пен инабаттылықтың нышаны. Тақия – жастықтың белгісі, сәукеле – келіннің абыройының айғағы, ақ жаулық – ананың мейірімі мен даналығының нышаны.
Іс-шара барысында ұлттық бас киімдердің көрсетілімі және қыз балаға сәукеле кигізу дәстүрі көрсетіледі. Кеште айтыскер ақын Мизан Жұмәлі, Сауле Арынгазина, Назымгүл Шапағаттың орындауында әсем әндер шырқалып, арнайы көрме қойылады.
Өтетін мерзімі: 2025 жылдың 14 қараша, 11.00
Өтетін жері: «Түсті металлургия жоғары колледжі»
Мекен жайы: Ломов, 162
