Балаларға арналған облыстық «Балауса әлем» прозалық шығармалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
«Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы «LEP» әдеби бірлестігімен бірлесіп, «Ертіс медиа» ЖШС-ның Аiqara.kz АА-ның ақпараттық қолдауымен Павлодар облысының қаламгерлері арасында 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған прозалық шығармалар байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
- Мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылу аясын кеңейту;
- Павлодар өңірінде балалар әдебиетінің дамуына үлес қоса отырып, балалар танымына арналған жаңа шығармалар санын көбейтуге ықпал ету; балалар әдебиетін насихаттау;
- Жергілікті балабақшалар мен мектептердің бастауыш сынып оқушыларының танымына сәйкес келетін мерекелік шараларға, ертеңгіліктерге арналған әдеби шығармалар қорын молайту;
- Балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген жергілікті жас қаламгерлер санын арттырып, қаржылай ынталандыру;
Байқаудың шарты:
- Байқауға проза жанрында жазылған шығармалар (әңгіме, ертегі, шағын сахналық қойылым) ғана қабылданады;
- Шығармалар 5 беттен аспауы керек, пішіні: 14, Times New Roman қарпімен, 1,5 интервал;
- Бұрын баспа беттерінде және әдеби-ақпараттық порталдарда жарияланған шығармалар қабылданбайды;
- Байқауға Павлодар облысы аумағында тұратын, 45 жасқа дейінгі қаламгерлер ғана қатыса алады;
- Шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады.
- Әр қатысушы жалпы көлемі 5 (бес) беттен аспайтын бірнеше шығарма жолдай алады;
- Байқауға компьютерде терілген шығармалар ғана қабылданады. Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс немесе оқу орны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс. (Ережеге Қосымша №1 қатысушы парағы берілген).
- Компьютерге терілген, сапалы жазылған жұмыстар ғана қабылданады.
- Байқауға шығармалар аты-жөні мен байланыс телефоны көрсетіліп, 2025 жылғы 17 қазанға дейін Beibut82@mail.ru электрондық поштасына қабылданады!
Қазылар алқасы:
Қазылар алқасы үш адамнан жасақталады (жазушы, ғалым, әдебиетші). Байқауды әділетті өткізу мақсатында олардың аты-жөні марапаттау рәсіміне дейін ешкімге айтылмайды. Қазылар мүшелеріне әр шығарма нөмірленіп, аты-жөні көрсетілмей беріледі.
Жүлде қоры:
І орын: 250 000 теңге
ІІ орын: 150 000 теңге
ІІІ орын: 100 000 теңге
Арнайы аталым бойынша жүлделер:
Мүбәрак Жаманбалинов атындағы жүлде – 50 000 теңге
Есентай Ерботин атындағы жүлде – 50 000 теңге
Мұзафар Әлімбаев атындағы жүлде – 50 000 теңге
Сүлеймен Баязитов атындағы жүлде – 50 000 тыңге.
Марапаттау рәсімі:
Байқаудың марапаттау рәсімі 2025 жылғы 24 қазан күні қалалық С. Баязитов атындағы кітапханада өтеді. Уақыты қосымша хабарланады. Сұрақтар үшін байланыс телефоны: 8 777 866 62 66
Ескерту:
Ұйымдастырушылардың байқауға келіп түскен шығармаларды автордың рұқсатынсыз, қаламақысыз балалар әдебиетін насихаттау мақсатында баспа беттерінде жариялауға және таратуға толық құқығы бар.
Жүлдегер атанған және қазылар лайықты деп таныған шығармалар облыстағы барлық балабақшалар мен мектептерге таратылып, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті және Аiqara.kz ақпараттық агенттігінің порталында жарияланады, республикалық балалар журналдары мен газеттеріне жолданады.
Қосымша 1.
Қатысушының тіркеу формасы
№ | Атауы | Толық мағлұмат |
1. | Тегі, аты, әкесінің аты: (толығымен) | |
2. | Туған күні, айы, жылы: | |
3. | Жұмыс (оқу) орны, лауазымы: | |
4. | Қала/аудан: | |
5. | Шығарманың бағыты: (әңгіме, ертегі, шағын сахналық қойылым) | |
6. | Шығарманың атауы: | |
7. | Қатысушының байланыс телефоны: | |
8. | E-mail: |