Аймауытов театры 12-17 қыркүйек күндері Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестиваліне қатысты. Актерлер ұжымы аталған өнер додасынан олжалы оралды.

Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестиваліне Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы Бертольт Брехтің «Пері қатын» драмалық абсурдымен қатысты. Режиссері – Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули.

Фестиваль қорытындысында «Пері қатын» қойылымында Балауса қыздың ролін сомдаған актер Дильназ Қиятова үздіктер қатарынан көрініп, «Екінші пландағы әйел ролі» номинациясымен марапатталды.

Атап өтерлігі, алда ұжымымызды тағы бір байқау күтіп тұр. Ол 23-27 қыркүйек күндері Ақтөбеде өтетін Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған VIІ халықаралық «Balausa» экспериментальді спектакльдер фестивалі.

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры.

Добавить комментарий