Бір өлең – бір әлем

Күнді ешкім ынтығып қарсы алмайды десе,

Сене бер,

Бұлбұл құстар бұлқынып ән салмайды десе,

Сене бер,

Көктен енді бұлт келіп, нәр тамбайды десе,

Сене бер,

Тек қана сенбе, сүйіктім, сүймейді десе,

Сені егер.

 

Биік таулар күл болып, шөкті десе,

Сене бер,

Теңіз біткен тартылып, кепті десе,

Сене бер.

Шөл біткенді гүл басып кетті десе,

Сене бер,

Тек қана сенбе, сүйіктім, сағынбайды десе

Сені егер.

 

Құстар енді қыраулап, ұшпайды десе,

Сене бер,

Арқаға енді қыс түсіп, қыспайды десе,

Сене бер.

Адам біткенді құл қылып, ұстайды десе,

Сене бер,

Тек қана сенбе, сүйіктім, ойламайды десе

Сені егер.

 

29.04.2025 жыл.

Добавить комментарий