
Фархат Тамендаров – 1959 жылы Алматыда туған ақын, аудармашы. Алматы энергетика институтын бітірген. Бес жыр жинағының («Три жемчужины», «Солнца светлого сияние», «Зеркало на ладони», «Золотая роза Гулистана», «Мгновение вдоха») авторы. Халықаралық «Ак-Торна» (Уфа), Ю. Казаков атындағы ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты және Брюссельдегі фестивальдің «Көркем аударма» номинациясы бойынша жеңімпазы (1-орын, 2019). Туындылары «Поэт года», «Литературная Азия» альманахтары мен «Простор», «Нива» журналдарында жарық көрген. Қазақ ПЕН-клубының вице-президенті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «LITERANOVA» альманахының бас редакторы. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Простор» республикалық әдеби журналының бас редакторы қызметін атқарады.
“ЕРТЕГІДЕЙ ТҮЙІН КЕРЕК ӨМІРГЕ…”
Жасыбай
Старые горы, как старые крепости.
Серые камни вразброс и внахлёст,
И корабельными соснами скреплены.
Этот пейзаж гениален и прост.
В центре красивой,каменной пади
Озеро ланью тревожной не спит.
Волны бегут по лазуревой глади.
Черный утёс их побег сторожит.
Ветер вдувается в трубы прилива,
Влажной губою сжимая сосок.
Облако с неба,совсем шаловливо,
Тень свою бросит на древний песок.
Тихо вдруг станет в душе и степенно.
В доме земном я любимый жилец.
В жизни,как в сказке,нужны непременно
Сложный сюжет и счастливый конец.
Жасыбай
Көне таулар – бағзы қорған секілді,
Көк шағылдар қадау-қадау түйрескен.
Қарағайлар найзадай тік бітімді,
Көрініс бұл кемелдікпен үйлескен.
Уысында үрдей сұлу шатқалдың,
Үркек марал сияқтанып көл жатыр.
Қашқан толқын құтылуға шақ қалды,
Қара жартас торуылдап жолда тұр.
Тасыған су кернейіне жел үріп,
Дымқыл ернін тілшесіне тигізер.
Көк жүзінен тентек бұлт желігіп,
Көлеңкесін көне құмға сүйгізер.
Жан жайланып, тыншығады көңіл де,
Жер-мекеннің мейманымын тартымды.
Ертегідей түйін керек өмірге,
Қиын сюжет, қуантарлық қорытынды.
Вид из окна гостиницы
Из окна моего виден храм.
Золотые его купола
Молчаливо сверкают нам
То, что каждому жизнь отвела.
За тем храмом бежит река.
Над той гладью утки летят.
Заливные кисель-берега
Об избытке желаний твердят.
Мы желаем по жизни всегда
Всё объять и всем завладеть,
Но иссохнут те берега,
И сойдет с наших башен медь.
Жизнь не даст что-то большего нам.
Из окна моего виден храм.
Павлодар, 2001 год
Мейманхана терезесіндегі көрініс
Тереземнен көрінеді храмның
Алтынменен жалатылған күмбезі.
Өмір өлшеп берген енші шығар – бұл,
Жалтылымен арбайды үнсіз күнде өзі.
Ар жағында ол храмның мол өзен,
Сол айдыннан үрке ұшады үйректер.
Сан қалаудан дей ме қалай қол үзем,
Молшылыққа малшынады жиектер.
Бәрін билеп, бәрін төстеу – құр қайғы,
Соңында оның өміріміз сабылар.
Жасыл жиек, кең арналар құрғайды,
Мұнарамыз мыс өңінен арылар.
Өмір бізге артық енші бермейді.
Тереземнен күмбезді үй көлбейді.
Павлодар, 2001 жыл
Азиат
В крепких жилах кровь кипит адская,
В глазах карих сверкает огонь.
Эх, скачи, душа азиатская,
Как в широкой степи быстрый конь.
Степь бескрайняя, разнотравная
И великий вокруг небосвод.
Эх, взлетай, душа, своенравная,
Как по небу чертой самолёт.
Небо синее и бездонное,
Пастух-ветер пасёт облака.
Пой свободу, душа неполонная,
Азиатского седока.
01.08.02 г.
Азиат
Талыс тамырда қайнайды қаны,
Лаулайды тозақ отындай.
Қоңырқай көзі жайнайды тағы
Жайдың оғындай шатырлай.
Уа, жүйіткі, жаны азиялықтың
Сәйгүліктердей сатырлай.
Шегі жоқ дала, мың бояу майса,
Мәңгі көк аспан көмкерген.
Ұш, еркін рух, ояу да қайсар,
Ұшақтай биікті еңсерген.
Көгілдір аспан тұңғиық, шалқар,
Жел-шопан баққан бұлт-малын.
Жырла, азаткер, тым биік, заңғар,
Аттылы Азиат жұрт жанын.
01.08.02 ж.
Степь звенит
Степь звенит широкая,
Кони мнут ковыль,
Каблуками цокая,
Выбивают пыль.
Неба синь высокая,
Облаков кадриль.
Солнце светлоокое
льется на сто миль
Дала дүбірі
Кең дала дүбір қағады,
Күліктер жаншып жусанды.
Тұяқтар турап тағалы,
Көтерер көкке қыр шаңды.
Бір мезет бұлттар жұп құрып,
Билейді көкте біп-биік.
Күн көзі нұрын төгеді,
Жүз шақырымға құт құйып.
Зерно
Я выскочил тёмным ноябрьским утром
Из дома в гараж, чтоб машину забрать.
Впотьмах, впопыхах я надел эту куртку,
Которой не трогал лет может быть пять.
Бреду по дорожке в белёсом тумане,
И где-то кричит вороньё.
Случайно нашарил рукою в кармане
Пшеничное это зерно.
Я нежно его из кармана достал,
Оно рассказало о старом,
Как хлеб у крестьян я тогда покупал
В хозяйствах под Павлодаром.
Морозными были осенние дни,
А год не богат урожаем,
Спешим с моим другом,в машине одни,
Последние зерна скупаем.
А в селах добытчики этой земли
Казахских тенге не видали.
С протянутой дланью к правлению шли,
Просили,чтоб денег им дали.
Колхозником был, крестьянином стал.
А что ж, агатай, изменилось?
Лишь только забор в трех местах исхудал,
Да крыша твоя прохудилась.
Зерно – символ жизни мне всё говорит,
Но так ли оно не безгрешно?
Коль в голоде те, кто его же растит
Своими руками так нежно.
Они ведь забыты, никому не нужны,
Крестьянин в века-сирота.
Лишь пашет на благо великой страны,
А следом за ним беднота.
Ноябрь, 2001 года
Дән
Қарашада, атпай тұрып қиық таң,
Көлігімді тізгіндемек сәт туып,
Бес жыл тұрған күртемді іліп иыққа,
Гаражыма аяңдадым аптығып.
Боз тұманға сіңдім дағы жол кештім,
Әлдеқайдан қарқылдады қарғалар.
Қол сұқтым да, қалтам ішін мол көстім,
Бір түйір дән түсті ілініп қолға дәл.
Мейірлендім дақылға әлгі табылған,
Түйір бидай түсірді еске өткенді.
Павлодардың маңындағы ауылдан
Диқандардан нан алатын сәттерді.
Боқыраудың ызғар желін түз тұтып,
Жыл да жұтаң, өнім де аз болған күз.
Досымменен көлік айдап ызғытып,
Соңғы астықты барып сатып алғанбыз.
Жерден астық өндіретін шаруа,
Әлі қазақ төл теңгесін көрмеген.
Қолын жайып, биліктіге баруда,
Қаржы бер деп үмітпенен өлмеген.
Колхозшы еді, – қазір жеке қожалық,
Не өзгерді, ал, осыдан, ағатай?
Қоршауларың үш жерінен тозды анық,
Шатыр тесік, төбеңнен су ағады-ай.
Дән – тіршілік нышаны ғой, рас-ақ бұл,
Дей алмаймын сөз күнәден пәк тіпті?
Өз қолымен мәпелеп мол масақты,
Аш отырса өсіргендер астықты.
Есімдерін, еңбегін де ел ұмытса,
Диқан мұңы – сан дәуірден жетім зар.
Өр жұртының қамы үшін жер жыртса,
Ал соңынан қу кедейлік тақымдар.
2001 жыл, қараша
Өлеңдерді аударған: Айбек ОРАЛХАН
