Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берді.

Тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.
Президент барша келушілерді құттықтады және шын мәнінде бүгін – еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.
– Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.
