Баянауыл ауданындағы №172 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беруге келген «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері ұлттық киіммен келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Қазақы нақыштағы әсем киімдерімен ерекшеленген аналар саяси науқанға қатысуды азаматтық жауапкершілік қана емес, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметтің көрінісі деп бағалайды.
– Бүгін біз ел болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Ұлттық киім киіп келуіміздің де өзіндік мәні бар. Дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсеткіміз келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! – дейді қоғамдық бірлестік мүшелері.
Ұлттық дәстүр мен азаматтық белсенділікті ұштастырған баянауылдық аналардың бұл бастамасы сайлау күніне ерекше сән берді.
🇰🇿 Құрылтай сайлауы – 2026. Ұлттық құндылық пен елдік таңдау үндескен күн!

#Құрылтай2026 #Сайлау2026 #Баянауыл #ПавлодарОблысы #ҰлттықКиім #ҚазақАналары #ҰлттықҚұндылық #АзаматтықТаңдау

Добавить комментарий