Pavlodar, KZ
Mostly Cloudy

7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының көркем ойынан туған кестелі сөздерін оқырман назарына ұсынамыз. Айтулы күнде тілер тілегіміз: Бауыржан батырша айтсақ, намысын нанға сатпайтын ұлдар көп болсын!

***

Ана үшін аянба – ант ұрады.
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

***

Қайратты әдісіңе жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

***

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

***

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

***

Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық.

***

Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

***

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!

(Суреттер ашық ғаламтор желісінен алынды)

Пікір үстеу