Қазақ қара сөзінің дарабозы, аса көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовке арналған «Алдаспан» атты халықаралық роман байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі роман жанрын дамыту, жазушыларға қолдау көрсету.

Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы өткізеді.

Халықаралық байқауды өткізу мерзімі:

– өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 15- маусымынан бастап 2025 жылдың 15 наурызына дейін;

– 2025 жылы наурыз айының 21-күні – наурыз мерекесінде марапаттау.

Байқау шарттары:

– байқауға Қазақстандағы жазушылар мен шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына, романның көлеміне шек қойылмайды;

– шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;

– шығармалар тек қана қазақ тілінде қабылданады;

– жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;

– қолжазбалар jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштада қабылданады.

– байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.

– байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген 3 роман жеке кітап болып басылып шығады.

Марапаттау:

– Романы ең үздік деп танылған 1 жазушыға «Алдаспан» байқауының төсбелгісі, дипломы мен 5 000 000 (бес миллион) теңге қаржылай сыйлық беріледі.

Добавить комментарий