Pavlodar, KZ
23°
Ясно

Түрік елінің сәулетті қаласында павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевтың жаңа кітабінің тұсаукесері өтті.

Биыл ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ел көлемінде ауқымды іс-шаралар бастау алып, кемеңгер тұлғаның кемел тарихы ұрпақ жадында дәріптелуде.

Осы орайда Ұлы даланың дара перзентін ұлықтап, өнегелі өмір жолын өлеңге айналдырған айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаев ғалымға арнаған «Қанышнаме» кітабын жазып шықты.

Кітаптің құрылымы жалпы адамзатқа ортақ тұлғаның өмірінен өрілген өлең-дастанды құрайды. Автор демеушілердің қолдауымен аталмыш кітапты Ыстанбұл қаласында орналасқан «Imak offset Basim» баспаханасында басып шығарды.

Мерейтой аясында «ТҮРКСОЙ» Түркі тілдес халықтардың мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен кітаптың тұсаукесері Түркия елі, Ыстанбұл қаласындағы Қазақстан Мәдениет және сауда орталығында өткізілді.

Игі шараға ғұлама ғалым, профессор Әбдуақап Қара, жазушы, «Соңғы көш» романының авторы Әбдурахман Четин, Исламтану университетінің профессоры Әшірбек Момынов, «Түрксой» Халықаралық ұйымының басшысы Сұлтан Раев, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Түркия еліндегі төрағасы Ержан Уәйіс және бірқатар атақты ғалымдар мен қаламгерлер қатысты.

Автормен бірге кітаптың таныстырылымын жасап, тұсаукесер рәсіміне қатысқан ел делегаттарын Павлодар облысының мәдениет, тідерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан бастап барды.

Шара барысында Медет Алпысбайұлы ғалымның ғұмырын тілге тиек етіп, Мемлекет пен қоғам мүддесіне бар ғұмырын сарқа жұмсаған тұғырлы тұлғаның рухына көрсетілетін құрмет алдағы уақытта да еселене түсетінін айрықша атап өтті.

Добавить комментарий