Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Әділхан Қыпшақовтың «Шекарасыз әлем» атты жеке көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына  Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова бастаған зиялы қауым өкілдері және Әділханның отбасы мен жанкүйерлері қатысты.

Әділхан  сирек кездесетін туабітті патологиямен – аяқ-қолсыз дүниеге келген. Соған қарамастан, бойында бар талантын ұштап, веб-әзірлеуші мамандығын меңгерді. Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда. Шекарасыз әлемге бастайтын ерекше көрмеге Әділхан Қыпшақовтың аниме стиліндегі иллюстрациялары мен отбасы архивінен алынған жеке фотосуреттері қойылды.

Оқырман назарына көрмеден фоторепортаж ұсынамыз:

Добавить комментарий