Бір ел – бір кітап

Дала

Дала, дала, сайран дала, сал-дала,
Кейде саған қараймын мен таңдана.
Көз тігейін көкжиектен әрірек –
Дала, дала сағымыңмен алдама.

Сағымыңды, мұнарыңды желге айдат,
Шықтым, шықтым неге болсын, бел байлап.
Көрем, көрем қанша жасырғаныңмен
бәрін, бәрін, бәрін мен…

Жүріп келем қара жолда асығып,
(Осы жолдың аяғы – арман, басы – үміт)
Мен дайынмын
Тауық болып теруге
өз тағдырым тары болса шашылып.

Алдым – алаң, қалжыраған жоқ денем,
Жұмсақ ауа леп еседі өкпеден.
Тұрды жолда от боп жанып бір тал гүл,
Менің бір тал үмітімдей көктеген.

Қиял – қанат, көтерілем, қонамын,
Жарып шыққан осы өлкенің өзегін,
Кейде өзімді бір шыбық деп сеземін,
Қонған шақта
Мен де топырақ боламын…

Дала, дала, тағдырыңа ортақпын,
Күй-жырыңды, сыйлығыңды мол таттым.
…Ай адасып салды бұлтта «жортақты»,
Мен де адасып,
енді ғана жол таптым.

Өлең Жұмекен Нәжімеденовтың «Толық шығармалар жинағының» 1-томынан (Алматы, «Қазығұрт», 2012 жыл, 27-бет) алынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айқара порталы (@aiqara_portaly)

Добавить комментарий