2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларға арналған түсіндірме ақпараттық баннерлер әзірледі. Онда сайлаушылар тізіміне енгізілу тәртібі, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу, дауыс беру рәсімі, сайлаушының құқықтары мен міндеттері туралы маңызды мәліметтер қамтылған.
Атап айтқанда, баннерлерден:
сайлаушылар тізіміне енгізілу тәртібі;
уақытша тіркелген азаматтардың құқықтары;
басқа елді мекенде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алу жолы;
сайлау күні өзіңізбен бірге болуы тиіс құжаттар;
негізгі мерзімдер мен талаптар туралы толық ақпарат ала аласыз.
Өзіңіздің сайлау құқығыңызды тиімді пайдалану үшін төменде ұсынылған ақпараттық материалдармен мұқият танысуды ұсынамыз.
Жаңару үшін дауыс бер!

Добавить комментарий