Иса Байзақов атындағы облыстық филармония мен Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бірлесіп, «Самға» жобасын жүзеге асырып келеді.
Жоба мақсаты туралы колледж директоры Серік Сыздықов:
– Біздің білім алушыларға кәсіби музыканттар мен ұжымдар қатарында өнер көрсету мүмкіндігін беру, болашақ талантты жастарды кәсіби өнерге ерте баулу, – деп атап өтті.
Жоба өз жемісін беріп келеді. «Самға» жобасы аясында жас өнерпаздар талаптарын шыңдап, облыстық филармонияның кәсіби, шығармашылық ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алуда.
Жақында колледж студенті, талантты жас әнші Олжас Дәулетханның «Арман үні» атты алғашқы ән кеші өтеді. Олжастың өнердегі тәлімгер ұстазы – белгілі әнші Жібек Айтбаева.

