Қазақстанның жетекші график шеберлерінің бірі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қадырбек Әбдіқадырұлы Қаметовтың Н.Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «Бейбітшілік туралы ойлар» көрмесі ұйымдастырылды. Суретшінің шығармашылығы қазақ тұрмысына, салт-дәстүріне, мәдениетіне арналған.

Қылқалам шебері 1952 жылы 3 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын тәмамдаған. Графика шебері плакат өнері мен станокты графика саласында табысты еңбек етіп келеді.

1980 жылдан республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы. Туындылары үшін көптеген марапаттарға ие болған, соның ішінде «Каспий маңы елдерінің биенналесінде» атты жұмысы үшін Гран-при жүлдегері атанды.

Облыстық музей қорында суретшінің Ұлы Отан соғысына арналған екі графикалық топтамасы – «Балалық шақ естелігі», «Тылдағы қазақ әйелдері» туындылары сақтаулы. Аталмыш еңбектер литография тәсілімен орындалған. Литография – бояу тасқа түсіріліп, жоғары қысыммен қағаз бетіне көшірілетін ерекше баспа әдісі.

Добавить комментарий