Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Павлодар облыстық Суретшілер одағы және музей қорынан ұйымдастырылған «Өшпес ерлік» көрмесі ашылады.
Көрмеде Александр Бибин, Ғалым Қаржасов, Өсербай Шоранов, Виктор Поликарпов, Ольга Ловина, Алексей Балин, Нұрлан Дәуренбеков, Қарасай Нүркенов, Алтын Кисамиденова, Рыспек Ыстыбев, Жасыбай Қабылдинов, Татьяна Чевтаева, Тұрар Төлеев, Сисенғали Тіленбаевтың жұмыстары ұсынылады.
Экспозицияның маңызды бөлігін павлодарлық суретшілер әрі соғыс ардагерлері Иван Лагутин, Михаил Колмогоров және Ипполит Виноградовтың туындылары құрайды.
«Өшпес ерлік» көрмесінің туындылары соғыс отын кешіп бейбітшілік үшін жанын пида еткен батырларға арналған.
Өтетін күні, уақыты: 6 мамыр, сағат 16:00-де
Өтетін орыны: Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі