Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы өнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысының Құрметті азаматы Поликарпов Виктор Федоровичтің «Идущему на Восток. Записки художника» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Бұл еңбек 1970-1971 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Отырар қалашығында жүргізілген экспедицияның ең қызықты әрі маңызды сәттерін сипаттайды. Сонымен қатар, ғылыми экспедиция барысында табылған құнды жәдігерлер, аймақтың табиғи-ландшафтық ерекшеліктері, сәулет және археологиялық ескерткіштері, көне Шығыстың қасиетті орындары мен белгілі тарихи оқиғалармен байланысты киелі мекендер туралы баяндалады.
График-суретші В.Ф.Поликарповтың жаңа кітабының таныстырылымы – өскелең ұрпақ үшін мәдени және көркем мұраны сақтаудың маңыздылығын дәріптейді және белгілі тұлғалар мен оқиғалар аясындағы байланыс негізгінде сол кезеңдердің тынысын сезінуге айрықша мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-презентация ұсынылады. Іс-шараның маңызды бөлігі – В.Ф.Поликарповтың Отырар мен Әл-Фараби тақырыбындағы графикалық суреттер көрмесі.
Келушілер таныстырылым аясында кітап авторы мен кіріспе мақаланың авторы, журналист Ю.Д.Поминовпен еркін сұхбат құрып, шығармашылығы мен зерттеулері туралы құнды мәлімет ала алады.

Өтетін күні, уақыты: 2025 жылдың 29 сәуірі, сағат 15:00-де;

Өтетін орыны: С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының (мәжіліс залы)

Добавить комментарий