Жағымпаздық – қорқақтардың қалқаны.
***
Рухы түскен адамның еңсесі биік болмайды.
***
Тілің мен ділің – егіз, жерің мен елің – егіз.
***
Даңққа дақ түспейді.
***
Сауатты халық сөзге алданбайды, іске сенеді.
***
Мәдениеттіліктің бір белгісі – нағыз білімдінің өзі бетегеден аласа боп тұрады.
***
Бойды ғана емес, ойды да заманға лайықтау керек.
***
Бұрын мақтамен бауыздайтын еді, қазір ақшамен бауыздайтын болды.
***
Тақты жасауға болады, бірақ бақты жасау ешкімнің қолынан келмейді.
***
Орындалмайтын заңнан орындалатын бұйрық артық.
***
Ойда шек жоқ, сөзде тек жоқ.
***
Бастықтың басын қорғайтын – бюрократизм.
***
Не нәрсені де болжау оңай, қолдау қиын.
***
Шығын мен пайда – күндес.
***
Әке-шешесін қарттар үйіне өткізген адам ата-тегін бірге өзгертуі керек.
***
Жақсы адаммен жолыққың келсе, жақсы жолға түс.
***
Тыңдайтын құлақтың табылуы – сөздің абыройы.
***
Күннің нұры жібітеді, сөздің нұры жылытады.
***
Ойын шыңдай білген сөзді тыңдай біледі.
***
Өтірік мақтаудан жарыс өткізгің келсе – той жаса.
***
Ақылды адам сені ақымақ демейді, бірақ үндемейді.
***
Бақ қонады, байлық үйір болады
***
Темір тозса – тат басады.
Елің азса – жат басады.
***
Шаңырақты шайқалтатын, алдымен, сөз.
Жинақтаған, Рашит БЕКТЕМІРОВ,
«Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Май ауданының Құрметті азаматы.