Жазушы Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған облыстық прозалық шығармалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Баянауыл ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Aiqara.kz» әдеби порталының ұйымдастыруымен жазушы Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған облыстық прозалық шығармалар байқауы өтеді.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
- Тіл мәдениетін көтеру;
- Қалмұқан Исабаев есімін, еңбегін, шығармашылығын насихаттау;
- Көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
- Қаламгерлерді, әсіресе, талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.
БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ:
- Облыстық прозалық шығармалар (әңгіме) байқауына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Павлодар облысына қатысты барлық ауданның қаламгерлері қатыса алады;
- Жас шектеуі жоқ: 18 жастан асқан кез-келген азамат қатыса алады;
- Байқауға көлемі 15 беттен аспайтын әңгіме жанрындағы прозалық шығармалар қабылданады;
- Байқауға ұсынылған шығарма мемлекеттік тілде болуы керек және бұрын байқауға қатыспаған, ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;
- Әрбір қатысушы бір ғана шығарма ұсына алады;
- Байқауға жолданған шығармаларда әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі;
- Шығармалар мазмұны мен идеясының тереңдігі, жазушының шеберлігі, авторлық жаңашылдығы, ішкі психологиялық иірімдер мен көркем эстетикасы бойынша бағаланады;
- Қатысушылар марапаттау рәсіміне келіп-кету шығындарын өздері көтереді;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
Байқауға ұсынылған шығармаларды талдау, талқылау, бағалау тәртібі:
- Байқауға келіп түскен шығармалар Aiqara.kz әдеби порталында жарияланады.
- Әр шығарма көркем әдебиет сыншыларының, қазылар алқасының, сарапшылардың, оқырмандардың қатысуымен жеке-жеке талқыланып, бағаланады.
- Әр шығармаға талдау жасалып, әдеби порталда жарияланып отырады.
- Бұл өңір қаламгерлерінің шығармашылығына сын тұрғысынан қарап, шеберлігінің шыңдалуына мүмкіндік береді.
Байқаудың өту кезеңдері:
– байқауды жариялау – 2025 жылдың қаңтар айы;
– шығармаларды қабылдау – қаңтар-мамыр айлары;
– шығармаларды жариялау, талқылау, талдау, бағалау – маусым–шілде айлары;
– марапаттау рәсімі – тамыз айы.
- Қатысушылар шығармалары мен өздері туралы мәліметті байқаудың арнайы электронды поштасы арқылы қабылданады;
- Шығармалар қабылданып, қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
- Тек жеңімпаз деп танылған жеті қаламгер марапаттауға шақырылады;
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және Баянауыл аудандық әкімдігі тағайындаған ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың жүлде қоры:
- Бас жүлде (біреу) – 750 000 теңге;
- 1-орын (біреу) – 550 000 теңге;
- 2-орын (екеу) – 350 000 теңгеден;
- 3-орын (үшеу) – 250 000 теңгеден.
Байқауға қатысу үшін өтінім үлгісі:
- Қатысушының ТАӘ: ………………………………
- Қала, аудан атауы: ………………………………….
- Туған күні, айы, жылы: …………………………..
- Шығармасының атауы: …………………………..
- Оқу/жұмыс орны, лауазымы: ………………….
- Байланыс телефоны: ………………………………
- Байқауға қатысушы шығармасын 2025 жылдың 1-маусымына дейін aiqara@mail.ru эл. поштасы бойынша қабылданады.
- Ақпарат үшін байланыс телефоны: 8-777-936-15-04 (Еламан)