Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық ҚР Президентінің ресми  «Aqorda.kz» сайтында жарияланды.

2024 жылғы мемлекеттік сыйлық:

1. Ақын  Светқали Нұржанға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. Жазушы  Құлбек Ергөбекке – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. Авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. Суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

 

Добавить комментарий