V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының төртінші жарыс күнінің қорытындысы белгілі болды.

Медальдық есепте турнирдің бірінші күнінен бастап қазақстандықтар әлі де көш бастап тұр: қоржында барлығы 69 медаль – 27 алтын, 17 күміс және 25 қола медаль.

Күн сайын көтеріліп келе жатқан Өзбекстан бүгін екінші орынға шықты. Қоржындарындағы 32 медальдің 11-і алтын.

Ал, кеше екінші орында болған Қырғызстан бүгін үштікті қорытындылады. Жинаған 38 медальдарының 10-ы алтын.

Добавить комментарий