Павлодарлық Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай асық ату жарысында Қазақстан құрамасы сапында алтын медаль жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Қырғызстаннан келген қарсыластарын жеңді. Тәжікстан үшінші орынға жайғасты.

Еске салайық, кеше өзбектің кураш жарысында 57 келіде белдескен павлодарлық палуан қыз Алтынай Нұрханова қола медаль еншілеген болатын.

Добавить комментарий