Қазіргі таңда Тоғызқұмалақ спорты бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 25 елден 100-ден астам адам қатысуға өтінім берді. Оның ішінде: Румыния, Пәкістан, Бразилия, Того, Гана, Мексика, Бенин елдері бар. Өтінім беру әлі де жалғасуда.
«Тоғызқұмалақ» ойыны 9-11 қыркүйек аралығында «Думан Парламент» Конференц-залында өтеді.
2020 жылы ЮНЕСКО Тоғызқұмалақ ойынын Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Айта кетейік, тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Адамның математикалық ойлау жүйесін дамытып, төзімділікке баулиды. Бүгінгі таңда тек қазақ халқының ғана емес, әлемнің назарына ілігіп отырған ұлттық спорт түрі.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.