Бес себеп:

  1. Еркін әрі ашық сайлау арқылы билік пен мемлекетті басқарудың демократиялық қағидаттары жүзеге асырылады.
  2. Азаматтардың сайлауға қатысуына елдің одан әрі дамуы мен болашағы байланысты.
  3. Сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдірудің нақты көрінісі.
  4. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі – сайлаудың әділ өтуінің кепілі.
  5. Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатыр. Құрылтай сайлауы – осы реформаларды жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.

Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру не үшін маңызды?

Біріншіден, сайлаушылардың белсенділігі қоғамның нақты сұранысы мен қажеттілігін көрсетеді.

Екіншіден, азаматтар өздерінің конституциялық сайлау құқығын жүзеге асырып қана қоймай, елдің болашағына жауапкершілік алады. Әр адам өзі үшін халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды көрсеткіштерін айқындайды.

Өңір тұрғындары үшін өздері тұратын қала мен ауылдың алдағы уақытта қалай дамитынын түсіну маңызды. Бұл мәселе барлық партияның сайлауалды бағдарламаларында ескерілген. Мысалы, «Әділет» партиясы өз бағдарламасында өңірлерді дамытудың барлық бағытын қамтып, облыс орталықтарынан бастап шалғай елді мекендерге дейінгі мәселелерге әр қырынан тоқталған.

Добавить комментарий