
Дәстүрлі түрде Құрылтай халықтың бас қосып, маңызды мәселелерді талқылайтын жиыны ретінде белгілі. Бұл идея жаңа конституциялық реформада да көрініс тапты.
Қазіргі жағдайда Құрылтай екі палаталы Парламенттің орнына келеді. Құрылымның ықшам әрі қарапайым болуы оның жұмысын жылдамдатуға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Яғни бюрократиялық рәсімдер азайып, заңдарды қабылдау үдерісі жеделдейді.
Сонымен қатар, Құрылтайда әртүрлі саяси партиялардың өкілдік етуі азаматтарға өздерінің саяси көзқарасы мен таңдауын кеңірек білдіруге мүмкіндік береді.
Күшті мемлекет азаматтарының жауапкершілігінсіз қалыптаспайды. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс беру – Конституциямен берілген құқық қана емес, әр азаматтың Қазақстанның болашағына өз үлесін қосып, елдің дамуына ықпал ету мүмкіндігі.
Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастыру – жаңарған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және оны одан әрі дамыту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Сайлау арқылы әрбір қазақстандық өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындау үдерісіне қатыса алады.
