Pavlodar, KZ
Ясно

Ертіс ауданында ақын, жазушы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мүбәрәк Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған “Әйгілі аудан, Ертісім” атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Жыр додасында 10 ақын сынға түсті. Суырылып шыққан төрт ақын ақтық сында сөз сайыстырды. Ақындар Мүбәрәк Жаманбалинов пен Ертіс ауданын жырға қосты.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Ертіс ауданының ақыны Алпысбай Хонж жеңіп алып, 400 мың теңгелік сыйлыққа ие болды.

1-орынды Нұрбек Бәкір еншілесе, 2-орын Ерлан Аманқожаға, 3-орын Тілек Сейітовке бұйырды.

1 thought on “Мүбәрәктің елінде ақындар сөз сайыстырды

Добавить комментарий