Павлодар қаласы күніне орай Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қала тұрғындары мен қонақтарын «Павлодар – біз сүйетін қала» көрмесінің салтанатты ашылуына шақырады.
Келушілер Павлодардың қалыптасу тарихын баяндайтын музей жәдігерлерімен таныса алады.
Көрменің ерекше бөлігі – Павлодар тұрғындарының көзімен бейнеленген фотокөрме. Әрбір фотосуретте туған қалаға, оның көшелеріне, жағалауына, сәулетіне және тұрғындарына деген сүйіспеншілік көрініс тапқан.

📅 2026 жылғы 16 шілде
🕚 Сағат 11:00
📍 Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Астана көшесі, 149.

Добавить комментарий