Елордамыз Астана қаласында өтетін 5-ші Көшпенділер ойыны бүкіл әлемнің назарын аударып отыр. Жақында көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік блогерлерге отандық туризмді дамыту перспективалары мен презентациясын және ұлттық спорт түрлері элементтерін көрсете отырып, кездесу өткізді. Оған 8 мемлекеттен, атап айтқанда, Таиланд, Малайзия, Қытай, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Вьетнам, Италия және Қырғызстаннан 11 шетелдік блогер қатысты.
Қатысушылар арасында малайзиялық Nur Ruhainies Farehah, Instagram-да 1,7 миллион және TikTok-та 738,7 мың жазылушысы бар актриса және жүргізуші, Қытайдан келген Wang Jianing, Xiaohongshu, Douyin және Weibo-да үлкен оқырманы бар фуд-блогер сияқты халықаралық блогерлер бар.
Іс-шара аясында қонақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұсынылатын қазақ күресі, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, мангала, овари, мас-рестлинг және дәстүрлі садақ ату спорт түрлерімен танысты. Бұл іс-шара еліміздің оң имиджін, туристік әлеуетін және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын миллиондаған шетелдік блогерлер аудиториясына насихаттауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Онда Астанада 21 спорт түрінен барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.