(қиялымнан туған әңгіме)

Түс ауған уақыт. Ауа райы керемет. Самал желдің ырғағымен ағаш жапырақтары әдемі биллеп тұрғандай. Айнала жасыл желекке бөленген, құтты бір жасыл кілем төсеп тастағандай. Гүлдер мен шөптердің иісі мұрын жарып тұр. «Айдын көлдің еркелері болған» қос аққу әдемі жүзіп жүр. Зағит ақсақал аяңдап келіп еппен ағаш шөркесіне жайғаса кетті. Ауылға сыйлы, жастарға үлгі болған Зағит ақсақал кезінде білікті дәрігер хирург болған. Қазыргі таңда еңбек демалысына шығып, ұлы мен келінінің қолында. Қария ауыл балаларын жинап ойдан әңгіме оқуды әдетке айналдырғалы қашан. Балалар да күнделікті осы уақытта ауыл шетіндегі көлдің жанына топтала қалады. Зағит қарттың әңгімелері бірінен-бірі өтерлік, кей кездері ертегі оқып береді. Осылай балалармен уақытын қызықты да тиімді өткізіп келеді.
– Ата, – деп шуылдап бір топ бала жүгіріп келді.
– Ой, қарғаларым, бүгін ерте келдіңдер, деп күлімдеп қалды.
– Иә, ата, бүгін қандай әңгіме тыңдаймыз деп қызығып келдік деді, қара домалақ бала, күлімдеп, қолында ұстаған бауырсағы бар.
– Иә, қарақтарым, жайғасыңдар. Бүгін мен сендерге мағынасы терең, өздеріңе өмірліқ азық боларлық, рухани құндылықтарға бай әңгіме айтып бермекпін. Сендердің әрқайсыларың ертең елдің тұтқасын ұстар азаматтар боласыңдар, сонда тыңдап жүрген әңгімелерімді көңілдеріңе түйіп, бір нәтиже шығарып жатсаңдар нұр үстіне нұр болар еді, – деді ақсақал, шоқша сақалын сипап, қолындағы таяғын жерге қоя бере.
Зағит балалық шақтан болашаққа қадам басып, арман қуып Семей қаласына оқуға түсті. Студенттік шақтың қызық өмірі басталып кетті. Мектепті озат оқып бітірген Зағит бұл жерде де бірден мұғалімдердің көзіне ілікті. Өзінің тиянақтылығы мен табанды еңбекқорлығының арқасында курстастарының алды болатын. Тіпті староста болып та үлгерген. Тобында Мұрат деген студент үшін жиі ұрыс та естіп қалатын. Тобының студенттерін түгендеп, емтихан тапсырар уақытта да Мұратты сирек көретінбіз. Бірақ, өзі жоқ болса да, бағасы қойылып тұрушы еді.
Мұрат үйдің жалғыз баласы. Он жыл күткен перзенттерін Жәмилә мен Асқар еш нәрседен қақпай өсіріп жеткізді. Анасы банк қызметкері, әкесі жеке кәсіп иегері. Ішкені алдында, ішпегені артында, не кием, не ішем деп басын ауыртып көрген емес. Түске дейін ұйқыдан бас алмайды,түнімен көлігіне отырып, қыдырудан қолы босамайтын. Сымбатты жігітке, киінген «бренд» киімдері де әдемі жарасып тұратын. Қыздардың дені осы Мұратты айналшықтап шықпайтын. Биыл соңғы курста оқып жүр. Зағит екеуі бір бөлімде оқыса да бір -бірін өте сирек көретін. Биыл дипломдарын қолына алып, үлкен өмірге аяқ баспақшы. Енді Мұрат та Зағит та хирург дәрігерлер. Зағит еңбек жолын ауылдан бастамаққа бекінді. Мұрат та «қызыл дипломын» қолына алып әкесінің келісіп қойған жұмыс орнына бірден орналасты. Сөйтіп етене араласып үлгерген қос жігітті өмір екі арнаға бөлді…
Жылдар жылжып, күндер сырғап өте барды. Ауа-райы бұзылып тұр. Жаңбыр бірде толастап жауып, бірде нәзік қана сіркіреп, басылар емес. Арты дүлей желге ұласты. Әуезов пен Абай көшелерінің қиылысында бір жас қыз жол апатына түсіп, хирургия бөлімінен бірақ шықты. Бүгін кезекші дәрігер Мұрат. Қолы қалтырап, аяғын әрең басып, опперация бөліміне келе жатыр. Осындай маңызды кезекшілікке бірінші түсуі. Маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды. Көз алдында жап-жас қыз өмірімен қоштасты. Өмірін сақтап қала алмады. Өз мамандығының жауапкершлігін Мұрат енді ғана түсінгендей. Оқуына селқос қарап, өмірінің ең маңызды сәтін босқа өткізіп алғаны өзегін өртеп барады. Енді бұл қаралы хабарды қайтсе де шығып,секунд санап, екі көздері төрт болып күтіп тұрған туыстарына жеткізуі керек. Мұрат басын салбыратып, бөлімшеден шықты.
– Аман алып қала алмадық, бекееем болыңыз, -деді ол салы суға кетіп.
– Қалайша деп, ер адам оған қарай беттеді. Кенет үстінен біреу мұздай су құйып жібергендей мелшиді де қалды. Көз алдында өзінің студенті Мұрат. Кезінде «бармақ басты, көз қыстының» кейіпін танытып, оқу орынын үздік тәмәмдауға себепші болған жандардың бірі өзі. Осындай маңызды мамандықтың тұтқасын ұстап отырып, осындай қателікке қалай жол берді екен. Енді міне бумеранг тәрізді өзін айналып тапты емес пе… Ғабит басын ұстап жерге отыра кетті…Одан басқа істер шарасы да жоқ еді… Өйткені барлығы тым кеш… Тым кеш…
Әңгімесін аяқтай бере, қарт ақсақал балаларға байқатпай көзінің жасын сүртіп үлгерді.
Сонау ықылым заманға көз жүгіртіп, қазақы тарихымыздың табиғатына үңілер болсақ «жемқорлық» дейтін осы бір аты өшкір ұғым мүлдем болмаған сыңайлы. Себебі ол кезде қара қылды қақ жарған, аузы дуалы би-шешендеріміз, ердің құнын бір-ақ ауыз сөзбен шешіп, «жаным-арымның садағасы», – деп халқына қызмет етсе керек. Ұлт болып дамып, қазақ халқы өркендей келе, жақсылық бар жерде жамандық ілесе жүредінің кезі келіп, бүгінгі таңда қоғамда осынау бір дерт өршімесе кеміген жоқ. Осы жемқорлық тақырыбында көптеген ескертулер айтылып, түзету жұмыстары жүргізіліп жатса да оттай лаулап, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтарша шығып жатқаны сөзсіз. Қарап отырсам осы жемқорлық барлық саланы жаралап үлгерген кесел тәріздес. Сол жараны емдемесе ол өршіп, ақыр аяғы ұлтымыздың жоқ болып, баяғы кездегідей өзгенің бодандығына құлдырап кетуге әкеліп соғары хақ Жемқорлыққа жол беріп, сол параны алып және беріп тұрған адам келесі бір жанның болашағына балта шауып тіпті ұлттың тағдырына тікелей әсер етіп жатқандығын білсе ғой шіркін! Бұл дегеніміз – зарлаған ана, шырылдаған бала, сенделген студент, қараусыз қалған қария. Міне, осыншалық жамандықтың артында ашкөздік, яғни жемқорлық тұр десем қате айтқандық емес. Сол жамандықтің себепкері, бүлінгеннің бір бөлігі болмаймын десек әркім өзінен бастауы керек деп ойлаймын. Келешек жастарымыздың бізге қарап бой түзейтінін де естен шығармағанымыз абзал. Алланың салған адал жолымен жүріп, алмағайып күндерде пендешілікке салынып, нәпсінің құлы болып адаспасақ екен. Айтулы ақын Несіпбек Айтұлы: «Қулық пен қиянаттың құрығы ұзын, Шындықтың қолы қысқа қай заманда», – демекші қалтасы жұқа жерлестеріміз «Бәке», «Сәкесі» бар, бай-бағландардың көлеңкесінде қалып қойып жатыр. Дәурені дүркіреп тұрған «Көкелері» бар бастықтарға қарап, бала-шағасын асырау үшін таңнан кешке дейін дала сыпырып, еден жуып жүрген кейуаналарды көргенде қарның ашып, мазаң қашады. Жалпы «жемқорлық» сөзі «жем», «қорлық» деген сөздердің тіркесінен жасалған деп алатын болсақ, бір-ақ ауыз сөздің өзінде өте терең мағына жатыр, яғни есепсіз жеудің өзі қашанда қорлықпен аяқталады емес пе? Дүние қуып, пендешілікке салынып, пара алып жаримын деу бекершілік, жалған мәнсап пен еңбексіз келген нан келешекте тамағыңа өксік болып тығылмасына кім кепіл? Жасаған әрбір әрекетің бумеранг іспеттес алдыңнан шығары айдан анық. «Тәрбие – тал бесіктен»,- дегендей сәбиге бесікте жатқанынан-ақ бесік жыры арқылы Абай атамыз айтқан бес асыл іс «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды» бойына сіңіре, тәрбиелесек келешек ұрпақ жемқорлықтың құрбаны болмас па еді? Әрбір азамат ең әуелі адалдықты өзінен бастау қажет, бұл теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін, алайда бір жанның тағдырының өзгеруіне, еліміздің бір қадам болсын алға жылжуына әсер етері хақ. Халықтың жадында кез келген бастама мен игі істің өткізілу барысында «жемқорлық» жүреді деген түсінік қалыптасып, санасына сіңіп қалған. Сол олқылықтың орнын жою үшін Сіз бен біз оңай олжаға қызықпай,заңға берік болсақ нұр үстіне нұр болар еді. Әркім Алланың салған ақ жолымен жүретін болса еліміздің мақсаты айқын, болашағы жарқын болады деп сенемін! Өтіріктің өрмегін өріп, біреудің нақақ көз жасына қалмай, «батыр» бабамыздың тектілікті «ту» еткен ұлық ұрпағы екенімізді әрдайым есімізден шығармайықшы, ағайын!
Ақжібек АЛТКЕЙ,
Екібастұз қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы.
