Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура қадағалауының басым бағыттарының бірі.

Жыл сайын қадағалау шаралары арқылы 1 миллионнан астам кәмелетке толмағандардың құқығы қорғалуда.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 1 034 жетім бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 1,3 мыңнан астамы оны алу кезегіне қайта қойылды.

Қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыру мақсатында 17 мың білім беру ұйымы тексерілді. Балалардың физикалық және ақпараттық қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, сондай-ақ қаржылық тәртіп саласындағы  көптеген бұзушылықтар жойылды.

Қабылданған шаралармен 63 мектеп бойынша мәселелер шешіліп  31 мың бала үшін қолайлы жағдай жасалды.

Мектептерде бейнебақылау жүйелері орнатылды, олардың басым бөлігі полицияның жедел басқару орталықтарына қосылды.

Оқу орындарының кадрлық құрамы тексерілді. Тексеру нәтижесінде бұрын қылмыс жасаған, сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған адамдар білім беру ұйымдарынан шығарылды.

Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Балалар лагерлері қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Бұл шара демалысты ұйымдастыру сапасы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында 207 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, соның ішінде 8 миллиардтан астам сомада ұрлық фактілері бойынша. Жалпы 12 мыңнан астам адам әртүрлі жауаптылыққа.

Балалардың асырап-бағу құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Алимент бойынша 40 миллиард теңге берешек өтелді, ал жалпы борыштың көлемі соңғы жеті жылда 87% азайды.

Жасөспірімдер арасындағы криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында профилактика мен оңалтудың қолданыстағы тетіктерін қайта қарауды басталды, тәрбие және педагогикалық жұмыстың сапасына бақылау күшейтілді.

Бас прокуратура балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасы институтын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Баланың игілігі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий