Бір өлең – бір әлем

Жол бойы жаңбыр төкті – жасы күздің,

Мен сонда өз-өзіме жасырындым.

Ішімде теңіз толқып жатқанымен,

Жанардың жалғыз тамшы жасын үздім.

 

Шақырып тұрған сынды таң дауысы,

Армансыз адассам деп орман іші,

Қылқанын қарағайдың қалам еттім

Жанымның үнсіздігін жырлау үшін.

 

Басылды жауын кенет бұлт тарап,

Күн тұрды төбемізден күліп қарап.

Қара тұтып келді деп қарағайсың

Қара күзде құс көрсең сынық қанат.

 

Сағыныш НАМАЗШАМОВА.

Добавить комментарий