«Aiqara» ақпараттық агенттігі жасырын өлең ұсынып, шығармаға қатысты ой-пікір, сын-ескертпе жинау «жорығын» жалғастырады. Бүгін назарларыңызға ұсынылар өлең «Сарғайған жапырақ» деп аталады. Өлеңді оқып, пікір жазыңыз, қадірлі оқырман!
Сарғайған жапырақ
Сарғайған жапырақ сияқты,
Құлармыз бір күні.
Шалғайдағы ақымақ секілді,
Жылармыз бір күні.
Жел шайқап бостандық құлатқан туын,
Дәрменсіз қайыңдай
Сұлармыз бір күні…
Бәрі де болады шынымен бір күні,
Тоқтатар ойын мен күлкіні.
Өмір дегенің – сарғайған жапырақ,
Өмір дегенің – өлімнің бір түрі.
Не оқып отырғаныңды түсінбей қалатын осындай “мағынасыз” өлеңдер көбейді. Бәлкім авторда не жазып отырғанын өзі ұмытып қалған секілді. Немесе іші пісіп отырған соң шимайлай салған. Ары қарай түзетуге ерінген сияқты. Бірақ философиялық тереңдігі ішіңді жылытады екен. Авторға не шашауын шығармай қара өлең стилінде немесе таза ақ өлең түрінде жазуға кеңес берер едік. Дегенмен ешкімге ұқсауға тырыспай дара жол іздеуі қуантады.
Меніңше, бұл өлең басталған, және аяқсыз қалған сияқты,әрі жеңіл ұйқастар, қара-өлеңге жақын екен.
Ең соңғы жолдан, сәл философияның иісі шығады, бірақ тым күрделі емес.Авторы қайта бір қарап шықса, әліде қосары бар тақырып екен, бұл өз пікірім.
Ал жалпы өлең де,ақынның ойы да жинақы.
Қазіргі таңда, ақындардың өлеңдерін оқып отырсақ, мағынасы бар ұйқасы нашарлау ма қалай әлде ұйқасы бар мағынасы нашар десем…
Буын, бунаққа мән беру керек. Өлең мағына жағынан сөз жоқ. Бірақ тіл сүріндіретін жақтары көп, сол жағын реттеуі қажет болып табылады!