Pavlodar, KZ
Ясно

Танымал Голливуд актері Эрик Робертс 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен танысу мақсатында Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының арнайы шақыртуымен Астанада болып қайтты.

Дүбірлі доданы дайындау және өткізу дирекциясы танымал актерге елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Ойындардың таныстырылымын өткізді.

Эрик Энтони Робертс – америкалық кино және телевизия актері. Ол 700-ден астам фильмдер мен телехикаяларға түскен және кино әлеміндегі атақты «Оскар» мен «Алтын глобусқа» үміткер болған.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Онда Астанада 21 спорт түрінен барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Добавить комментарий